Қазақ боксшысы ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алды
World Boxing ұйымының бастамасымен өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы тағы бір медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Prosports.kz
80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков ширек финалда вьетнамдық Тронг Тиен Нгуенді жеңді. Тайбеков бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберсе, екінші раундтың басында тағы бір рет ауыр соққы жасап, нәтижесінде жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осы жеңістің арқасында Тимур Тайбеков кем дегенде қола алқаға қол жеткізді.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Хамза Мақсатұлы (75 кг) да қарсыласын жылдам нокаутпен жеңіп, турнирдің медалін иеленуге кепілдік алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или