Паралимпиадада да Қазақстанның мемлекеттік гимні шырқалды
Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстанның мемлекеттік әнұраны шырқалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Парабиатлоннан спринттік жүгіру жарысының финалында Хамитов 9 минут 39,0 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Ол атыс кезінде бір рет мүлт кеткеніне қарамастан, алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдені украиналық Тарас Радь иеленсе, қытайлық Лю Цзысю қола жүлдегер атанды.
Айта кетелік, бұған дейін Ербол Хамитов осы Паралимпиаданың парашаңғы спринтінің қола алқасын жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или