Ол 2000 жылдан бері әлемдік рейтингтің үздік ондығына кіретін қарсыластарын қатарынан 11 және одан да көп рет жеңген бесінші теннисші атанды. Осы көрсеткіш арқылы Рыбакина Серена және Винус Уильямс, Жюстин Энен және Ига Швёнтек сияқты теннисшілердің қатарына қосылды.
Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Жартылай финалда Рыбакина украинадық теннисші Элина Свитолинамен кездеседі.
Бұл турнирдің жартылай финалына шығу Рыбакинаға рейтинг жаңартылғаннан кейін әлемнің екінші ракеткасы атануға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, 2026 жылдың қаңтарында Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңген еді.