Кездесуде Владивостоктың «Адмирал» клубы 6:2 есебімен басым түсті. Ойынның 10-минутында Александр Тимашов есеп ашты. Алайда көп ұзамай Всеволод Логвин таразы басын теңестірді. Екінші кезеңнің басында Тайс Томпсон «Барысты» алға шығарған.
Бірақ кейін бастаманы «Адмирал» өз қолына алып, қатарынан үш шайба соқты. Үшінші кезеңде алаң иелері тағы гол соғып, матчтың қорытынды есебін 6:2 етіп белгіледі.
Осылайша «Барыстың» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы үш матчтан тұрған жеңіс сериясы аяқталды.