Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды.

Іріктеу жарысының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов төрешілердің шешімімен 14.566 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Осы бағдарламада Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 13.600 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады және Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады.

Бүгін, 13 наурызда Антальяда іріктеу кезеңінің екінші күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или