Ербол Хамитов Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!

Ербол Хамитов Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!

Бүгін Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км із қуу дисциплинасын 9 минут 39 секунд уақыт көрсеткішімен бағындырып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Осы дистанцияда екінші орынды украиндық Тарас Рад (10:00.5), ал қытайлық Лю Мэнтао(10:11.5) үшінші орынды алды.

Бұған дейін қазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м қашықтықтағы классикалық спринте қола медаль еншілеп, Милан–Кортина Паралимпиада ойындарының алғашқы жүлдесін жеңіп алған болатын.

Осы дисциплинаның финалдық кезеңінде өнер көрсеткен Юрий Березин жиырма үшінші , ал Сергей Усольцев жиырма үшінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или