Милан–Кортина Паралимпиадасы: Александр Герлиц финалға өтті
Бүгін Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы тұрып із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңін 10 минут 53 секунд уақыт көрсеткішімен финалға жолдама алды.
Осы дистанцияда отырып жарысатын спортшылар қатарында финалдық кезеңіңде Ербол Хамитов, Юрий Березин мен Сергей Усольцев те өнер көрсетеді.
Жарыстың тікелей эфирі Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или