Нигерия құрамасының бұрынғы ойыншысы «Қайсарға» келді
Қызылорданың «Қайсар» клубы нигериялық шабуылшы Имо Эзекильмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы форвард ресми түрде қазақстандық клубтың ойыншысы атанды. Футболшы бұған дейін бірнеше танымал командада өнер көрсеткен. Оның қатарында бельгиялық «Стандард» пен «Андерлехт», испаниялық «Лас-Пальмас», сондай-ақ БАӘ клубтары «Аль-Джазира» мен «Аль-Зафра» бар.
Имо Эзекиль Нигерия ұлттық құрамасында да ойнаған. 2016 жылы ол Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или