Тайсон мен Мейвезер айқасының шарттары белгілі болды

Тайсон мен Мейвезер айқасының шарттары белгілі болды

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Флойд Мейвезермен өтетін жекпе-жек туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тайсонның айтуынша, жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып отыр және салмақ бойынша шектеу болмайды. Сондай-ақ айқас кезінде бұрын Мұхаммед Әли мен Джордж Форман кездескен тарихи ринг қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін бұл кездесу 25 сәуір күні Конго Демократиялық Республикасында өтеді деген ақпарат тараған еді. Алайда инсайдер Дэн Рафаэль жекпе-жектің нақты күні өзгеруі мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, Флойд Мейвезер рингке қайта оралғаннан кейін 2026 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Оның қатарында Майк Тайсонмен кездесу, грек кикбоксшысы Майк Замбидиспен айқас және Мэнни Пакьяомен реванш бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или