Дана Уайт UFC турнирінің Ақ үйде өтетін билет құнын жариялады
UFC президенті Дана Уайт Вашингтондағы Ақ үй аумағында өтетін турнирдің билет бағдарламасына қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Лиганың басшысының айтуынша, ұйымдастырушылар шамамен 85 мың көрерменді қабылдауға дайын, әрі турнирге кіру тегін болады.
«Біз шамамен 85 мың адамды орналастырамыз деп жоспарлап отырмыз және барлық билеттер тегін таратылады. Жақын күндері оларды қалай алуға болатыны туралы хабарлаймыз», - деді Уайт UFC-дің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода.
Кештің басты оқиғасы - бұрынғы уақытша чемпион Джастин Гэтжи мен қазіргі жартылай жеңіл салмақтың белбеу иегері Топурияның жаңа салмақтағы титулдық айқасы болмақ.
UFC Freedom 250 деп аталатын турнир 14 маусымға жоспарланған және АҚШ астанасында өтеді. Бұл шоу АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылмақ.
Алдын ала кард
- Илия Топурия - Джастин Гэтжи
- Алекс Перейра - Сирил Ган
- Шон О'Мэлли - Айманн Захаби
- Маурисио Руффи - Майкл Чендлер
- Бо Никал - Кайл Дакас
- Диего Лопес - Стив Гарсия
Жеңіліс дәмін татпаған файтер қайта оралады
UFC титулын Қазақстанға Шавкаттан бұрын кім әкеледі?
Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»