«Адмирал» - «Барыс». Матчқа анонс

«Адмирал» - «Барыс». Матчқа анонс

«Барыс» Қиыр Шығыстағы сапарын «Адмиралға» қарсы екінші кездесумен аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше астаналық команда Владивосток клубын 2:1 есебімен жеңді. Қонақтардың жеңісіне Макс Уиллман мен Тайс Томпсонның дәл соққылары, сондай-ақ қақпашы Никита Бояркиннің 31 сейві себеп болды. Джейк Масси «Барыстың» екі нәтижелі шабуылына да қатысқан еді. Алаң иелері сапынан Никита Тертышный мергендік танытты, ал қақпашы Иван Кульбаков 26 сейв жасады.

Олег Браташ матч тағдырын оның ойыншылары жіберіп алған бір ғана қателік шешкенін айтты. Ал Михаил Кравец ойынның өте ауыр өткенін, бірақ командасы жеңіс үшін соңына дейін күрескенін атап өтті.

Владивосток командасының қоржынында 64 ойыннан кейін 46 ұпай бар. Ал «Барыс» маусым аяқталуына үш ойын қалғанда 51 ұпай жинады.

«Адмирал» – «Барыс» матчы Астана уақыты бойынша 14:30-да басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясы KHL Prime телеарнасында көрсетіледі. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или