Волейбол: Төртінші турдың алғашқы күні фавориттер жеңіске жетті

Волейбол: Төртінші турдың алғашқы күні фавориттер жеңіске жетті

Көкшетау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші үлкен турының ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Алғашқы күні ТОП-4-ке кіретін командалардың бәрі жеңіске жетті.

Алдымен «Ақтөбе» клубы «Таразды» 3:0 (25:21, 25:18, 30:28) есебімен тізе бүктірді. Содан кейін «Жетісу» (Талдықорған) «Есілден» (СҚО) айласын асырды — 3:0 (25:16, 25:17, 25:20).

«Атырау» Алматының «Буревестнигін» 3:0 (25:21, 25:17, 25:19) есебімен ұтты. Сондай-ақ «Жайық» (Орал) алаң иелері — «Ұшқын-Көкшетауды» қапы қалдырды — 3:0 (25:20, 25:22, 25:17).

Турнир кестесінде талдықорғандықтар 65 ұпаймен көш бастаса, «Ақтөбе» (58 ұпай) екінші орында. Үшінші-төртінші сатыдағы «Жайық» пен «Атыраудың» 53-тен ұпайы бар.

Жұма күні орталық кездесу «Жетісу» мен «Атыраудың» арасында өтпек. 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или