Тунис турнирі: Әмір Омарханов ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Омарханов Әмин Джамджимен (Марокко) кездесті.
Матч 6:7 (2:7), 6:4, 6:3 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Ширек финалда Омарханов Касра Рахманимен (Иран) кездеседі.
Еске сала кетейік, Әмір Омарханов ақпан айында Тунисте өткен турнирдің жұптық жарысында жеңіске жетті.
Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
Billie Jean King Cup: Қазақстан мен Канаданың құрамы жарияланды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или