Қазақстандық әмбебап футзалшы Ресейге аттанады
Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» ойыншысы Эдсон осы маусымнан кейін ресейлік клубқа ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Беделді испандық журналист әрі инсайдер Густаво Муньянаның (ең алғаш болып Марсело мен Бруно Гоместің «Семейге» ауысатынын хабарлаған) мәліметінше, Эдсон жаңа клубымен келісімге келіп қойған және маусым аяқталғаннан кейін Ресейге ауысып, Кака басқаратын «ИрАэро» клубының ойыншысы атанбақ.
33 жастағы әмбебап ойыншының алматылық клубпен келісімшарты маусым соңында аяқталады.
Еске салсақ, Эдсон «Қайрат» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2020 жылы ол жарты жылға словениялық «Лития» клубына жалға беріліп, кейін қайтадан Алматыға оралған болатын. Осы уақыт ішінде ол «Қайрат» жейдесінде жалпы саны 315 матч өткізіп, 196 голмен көзге түскен.
Ел біріншілігі: «Қайрат» қарсыласын аямады
«Семей» қатысқан ел біріншілігінің матчында тоғыз гол соғылды
Футзалдан әйелдер құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды