Billie Jean King Cup: Қазақстан мен Канаданың құрамы жарияланды
Қазақстан теннис федерациясы Billie Jean King Cup іріктеу кезеңі аясында өтетін кездесулерге қатысатын әйелдер ұлттық құрамасының ресми тізімін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2026 жылғы 10-11 сәуір аралығында Астанадағы «Beeline Arena» грунт корттарында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін Канада құрамасымен күш сынасады.
Қазақстан ұлттық құрамасы
- Жаңартылған тізімге команданың қазіргі көшбасшылары мен болашағынан зор үміт күттіретін жас теннисшілер енді:
- - Анна Данилина (жұптық сында WTA рейтингінде №6);
- - Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №76);
- - Жібек Құламбаева (жұптық сында WTA рейтингінде №178);
- - Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде №871);
- - Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №1018).
Ұлттық құрама көшбасшысы және әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Мұндай шешімді Қазақстан теннис федерациясы спортшымен және оның жаттықтырушылар штабымен бірлесе отырып қабылдады. Еленаның биылғы маусымдағы басты басымдығы – әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін күресу. Федерация қазақстандық теннисшінің WTA рейтингінде көш бастауы еліміз үшін тарихи жетістік болатынына кәміл сенеді, сондықтан қазіргі уақытта барлық күш-жігер осы стратегиялық мақсатқа жұмсалмақ.
Канада құрамасы
Канада (BJKC рейтингінде 4-орын) – 2023 жылғы турнир жеңімпаздары және биылғы доданың басты фавориттерінің бірі. Солтүстікамерикалық ұжым Астанаға мынадай құраммен келеді:
- Виктория Мбоко (WTA рейтингінде №10);
- Габриэла Дабровски (жұптық сында WTA рейтингінде №2);
- Марина Стакусич (WTA рейтингінде №130);
- Бьянка Андрееску (WTA рейтингінде №165, жұптық сында №160);
- Кайла Кросс (WTA рейтингінде №194, жұптық сында №131).
Елена Рыбакинаның ықтимал қарсыластары белгілі болды
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде жеңіліп қалды