«Барыс» сырт алаңда «Адмиралдан» басым түсті

«Барыс» сырт алаңда «Адмиралдан» басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымының кезекті ойынында қазақстандық «Барыс» Владивосток қаласында «Адмирал» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда арасындағы тартыста қазақстандық команда ресейлік ұжымна 1:2 есебімен басым түсті.

«Адмирал» (Владивосток, Ресей)  «Барыс» (Астана) — 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

Шайба соққандар:

  • 0:1 - Уиллман (Масси) - 33:31
  • 1:1 - Тертышный (Старков, Шулак) - 43:34 
  • 1:2 - Томпсон (Уиллман, Масси) - 56:32

Қақпашылар: Кульбаков - Бояркин

Бұл жеңістен кейін «Барыс» турнир кестесінде 53 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Адмирал» 46 ұпаймен 20-орында келеді. 

Плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі төрт жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.

Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 13 наурызда тағы «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізеді.

«Барыс» сырт алаңда «Амурдан» басым түсті

«Барыс» ірі есеппен жеңіске жеткен матчқа бейнешолу

Хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері анықталды  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или