Токио Олимпиадасында Елдос Сметовты жеңген спортшы мансабын аяқтады
Токио Олимпиадасының чемпионы, жапон балуаны Наохиса Такато кәсіби спорттағы мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы соңғы рет 2025 жылдың күзінде Кодокан кубогында күрескен соң татамиге шықпады.
Ол Токио Олимпиадасында алтын, Рио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Төрт дүркін әлем чемпионы (2013, 2017, 2018, 2022), Азия чемпионы (2021 ж). IJF сериясындағы турнирлерде 16 рет жеңімпаз атанған.
Айта кетейік, жапон балуаны Токио Олимпиадасының жартылай финалында Елдос Сметовты жеңіп кеткен болатын. Қазақстандық балуан болса сол Олимпиадада қола медаль еншілеген еді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында топ жарды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или