«Атырау» командасы «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды
«Атырау» 26 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марио Рабиу кәсіби мансабын Италияның «Модена» клубында бастаған. 2019 жылдың 21 қазанында ол Италия Серия C чемпионатында «Фермана» клубына қарсы матчта дебют жасады.
2023 жылдың 3 қаңтарында жартылай қорғаушы «Витербезе» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін ол албаниялық «Скендербеу» клубына ауысып, 2023 жылдың 26 тамызында Албания чемпионатында «Эгнатия» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді.
Өткен маусымда Рабиу «Ақтөбе» клубына ауысып, Қазақстан Премьер-лигасында бес матч өткізді.
ҚПЛ-2026: 1-тур матчтарына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі болды
ҚПЛ-2026: Маусымның ең кәрі және ең жас футболшылары белгілі болды
ҚПЛ-ның алғашқы турында неше футболшы дебют жасағаны белгілі болды