Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі
12 наурызда Эстонияның Отепя қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық турнир аясындағы алғашқы жарыс - ерлер арасындағы спринт болады.
Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы сапынан үш спортшы сынға түседі. Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин жарыс жолына шығады.
Астана уақытымен 19:15-те басталады.
Евгений Кошкин Нидерландыдағы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы турнирде дебют жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или