Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллстегі турнирдің ширек финалына өтті
Индиан-Уэллсте әлемдегі ең беделді теннис турнирлерінің бірі BNP Paribas Open (WTA 1000, ATP Masters 1000) өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елена Рыбакина мен Ұлыбритания теннисшісі Сонай Картал (WTA №54) ширек финалға жолдама алу үшін бақ сынасты.
Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Оның қарсыласы бірінші сетте 4-6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 3-4 есебімен жарақат алып, ойынды аяқтады.
Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.
Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің 5-ракеткасы, АҚШ теннисшісі Джессика Пегуламен кездеседі.
Индиан-Уэллстегі BNP Paribas Open турнирі (ATP Masters 1000 және WTA 1000) 4-15 наурыз аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 9 715 495 АҚШ доллар.
Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде ширек финалдық кездесуін өткізді
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты
Индиан-Уэллс турнирі: Бублик жұптық сында жарыс жолынан шықты