Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде ширек финалдық кездесуін өткізді
Индиан-Уэллсте BNP Paribas Open (WTA 1000, ATP Masters 1000) турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Индиан-Уэллстегі турнирдің ширек финалында қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық теннисші Александра Крунич ресейлік Мирра Андреева мен канадалық Виктория Мбокомен кездесіп, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.
Жартылай финалда қазақстандық және сербиялық теннисші Кристина Букша (Испания) және Николь Меликар-Мартинеспен (АҚШ) кездеседі.
Индиан-Уэллстегі BNP Paribas Open турнирі (ATP Masters 1000 және WTA 1000) 4-15 наурыз аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 9 715 495 АҚШ доллар.
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты
Индиан-Уэллс турнирі: Бублик жұптық сында жарыс жолынан шықты
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі жарыстың үшінші кезеңіне шықты