Қазақстан жастар құрамасы Түркістанда екі матч өткізеді
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Түркістанда өткізілетін екі ойыны қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрлықтық додадағы Словакия мен Ирландияға қарсы екі ойынды «Түркістан Арена» қабылдайды.
Алғашқы кездесуде отандастарымыз 27 наурызда Қазақстан уақытымен 20:00-де Словакияны қабылдаса, 31 наурызда дәл сол уақытта Ирландиямен жасыл алаңға шығады.
Қазақстандық футболшылар D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Англия, Словакия, Ирландия, Андорра, Молдова.
Қазірге дейін олар бес кездесуде бір мәрте жеңіске жетіп, бір мәрте тең ойнаса, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Андорраны 1:0 есебімен жеңсе, одан кейін Англияға 0:2, Андорраға 0:1, Словакияға 1:2 есебімен есе жіберсе, Молдовамен 1:1 есебімен тең түсті.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында болады.
Астаналық клубтың жаңа маусымға арналған құрамы белгілі болды
1-тур матчтарына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі болды
ҚПЛ-ның алғашқы турында неше футболшы дебют жасағаны белгілі болды