Паралимпиада: Пара шаңғы жарысының нәтижесі белгілі болды

Паралимпиада: Пара шаңғы жарысының нәтижесі белгілі болды

Бүгін Милан-Кортина Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар пара шаңғы жарысынан 10 км интервалды старт дисциплинасынан өткен жарыста үздік ондық қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бәсеке қорытындысы бойынша, аталмыш дистанцияда қазақстандық спортшылар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • Ербол Хамитов (25:27.4) – 8 орын
  • Нурлан Алимов (29:25.4) – 9 орын
  • Владислав Кобаль (30:07.7) – 10 орын
  • Анна Грачова және гид Ермек Ормантаев (48:10.0) – 11 орын
  • Сергей Усольцев (27:50.2) – 19 орын
  • Юрий Березин (28:35.1) – 21 орын


Кеше осы спорт түрінен 1500 м классикалық спринт бойынша Ербол Хамитов (2:29.9) қола жүлдеге ие болып, ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын.

Ұлттық құраманың спортшылары үшін келесі жарыс 13 наурызда пара биатлоннан 4,5 км спринт пурсуит дисциплинасынан өтеді. 

Айта кетейік, XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралалығында өтуде. 56 елден 600-ден астам спортшы пара шаңғы жарысы, пара биатлон, тау шаңғысы, пара хоккей, пара сноуборд, арбадағы керлинг спорт түрлерінен 79 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшылар

Ербол Хамитов шаңғы жарысынан сынға түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или