Ресми: Иран әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Ресми: Иран әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Иранның спорт министрі Ахмад Донямали футболдан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олар біздің көшбасшымызды өлтіргенін ескерсек, мундиальға қатысудың мәні жоқ», – деді Донямали.

Министрдің айтуынша, Иранға қарсы жасалған дұшпандық әрекеттер салдарынан мыңдаған азамат қаза тапқан.

«Соңғы 8-9 айда бірнеше мың адамымыз бақилық болды. Мұндай жағдайда қатысу мүмкін емес», – деп түйіндеді ол.

Бірақ Иран футбол федерациясы әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Аталған турнир АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша, Иран құрамасы топтық кезеңде Жаңа Зеландия, Бельгия және Египет құрамаларымен кездесуі тиіс. Барлық матчтар АҚШ аумағында өтеді. 

FIFА әлем чемпионатының бюджетін қысқартады

Трамп Иранның әлем чемпионатына қатысуына қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или