Alem Cup халықаралық турнир мәресіне жетті

Alem Cup халықаралық турнир мәресіне жетті

Көркем гимнастикадан 8-10 наурыз аралығында Астанада өткен Alem Cup халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше Қазақстан және Италия, Канада, Қырғызстаннан келген спортшылар жекелеген сайыс түрінде сынға түсті.

Аталмыш турнирде Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева өнер көрсетті. Бұл Ақмаралдың ересек санатындағы алғашқы халықаралық жарысы. 

Ұршық

  • 1-орын. Ақмарал Ерекешева – 29.750 ұпай
  • 2-орын. Виола Селла (Италия) – 27.150
  • 3-орын. Дария Көшербаева – 27.000


Лента

  • 1-орын. Ақмарал Ерекешева – 28.900 ұпай
  • 2-орын. Виола Селла (Италия) – 27.850
  • 3-орын. Айым Мейіржанова – 26.850


Шығыршық

  • 1-орын. Айым Мейіржанова – 28.350 ұпай
  • 2-орын. Виола Селла (Италия) – 27.100
  • 3-орын. Ақмарал Ерекешева – 26.150

Доп

  • 1-орын. Айым Мейіржанова – 27.600 ұпай
  • 2-орын. Ақмарал Ерекешева – 27.550
  • 3-орын. Алисе Таглиетти (Италия) – 27.400


Бұған дейін көркем гимнасшылар 8-9 наурыз күндері көпсайыста жүлдені сарапқа салып, Ақмарал Ерекешева 112.350 ұпаймен топ жарған еді.

Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы турнирде дебют жасады

Астанада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

Биатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысатын әйелдер құрамасы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или