«Реал» — «Манчестер Сити» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған ойын күнінде мадридтік «Реал» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды. Бір қызығы, қос клуб соңғы 10 жылда турнир аясында бір-бірімен алты рет кездескен екен.
Биыл бұл командалар жалпы кезеңде бір рет кездесті. Мадридте өткен тартысты ойында «қалалықтар» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал өткен маусымдағы плей-офф кезеңінде мадридтік ұжым екі матчта да жеңіске жеткен еді.
Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады және оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
«Реал Мадрид» тізгінін «Барселонаның» экс-футболшысына беруі мүмкін
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или