Паралимпиада: Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысынан сынға түсті
Милан-Кортина қысқы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күні кеше пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында қола жүлдегер атанған Ербол Хамитов бүгінгі жарыста да топ-10 қатарынан көрінді.
Отандасымыз Италияда өтіп жатқан басты бәсекеде пара шаңғы (отырып) жарысынан 10 км қашықтықта мәре сызығын сегізінші болып кесіп өтті.
Осы жарыста сынға түскен қазақстандық спортшылар Сергей Усольцев 19 орында, ал Юрий Березин 21 нәтиже көрсетті.
Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или