Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2026 жылғы 10 наурыз кешке IBF хатшылығынан Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясына ресми хабарлама келді. Хатта Әлімханұлының IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан айыратындығы айтылған.
— IBF шешімі келді. Ол ұйымының қатал ережелері бар, хатында соған сілтеме жасалған. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетіледі. Сондай-ақ, ережелер бойынша әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет, — деді Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков.
Халықаралық бокс (IBF) федерациясының ресми хатына сәйкес, бұл шешім 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесінің телеконференциясында қабылданған. Бұған қазақстандық боксшының титулды міндетті уақыт ішінде қорғай алмайтыны себеп болды.
Айта кетейік, допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 2 желтоқсанынан 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілген еді.
Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте бірінші орында тұр