Спорттық гимнастика: Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Спорттық гимнастика: Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

12 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-не сілеме жасап.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының алты спортшысы бақ сынайды. Құрама сапына Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден енді.

Турнир 15 наурызда аяқталады.

Еске салайық, бұған дейін Әзірбайжанның Баку қаласында өткен алдыңғы кезеңде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алған еді. Милад Карими еркін және кермедегі жаттығуда екінші орын алды.

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы бір жүлде алды

Астанада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы турнирде дебют жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или