Испаниялық футболшы «Ақтөбеде» қанша табыс табатыны айтылды
Испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварес «Ақтөбе» клубында жылына шамамен 17 миллион теңге жалақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.
28 жастағы футболшы «Вильярреал» клубының түлегі саналады және «қызыл-ақтар» құрамындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі. Оның келісімшартында нәтижелі әрекеттер үшін қосымша бонустар да қарастырылған.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, егер Альварес маусым барысында «гол+пас» жүйесі бойынша кемінде сегіз ұпай жинаса, қосымша 4,5 миллион теңге көлемінде бонус ала алады. Бұл шамамен 8 мың еуроға тең.
Қазақстанға келмес бұрын испаниялық футболшы бірнеше еуропалық клубта өнер көрсеткен. Украинаның «Карпаты» клубында 41 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол болгариялық «Черно Море» және хорватиялық «Риека» клубтарында да ойнаған.
ҚПЛ жаңа маусымының бірінші турында «Ақтөбе» өз алаңында «Тобылды» сенімді түрде жеңді. Келесі турда команда ел чемпионы «Қайратпен» кездеседі. Матч 16 наурыз күні өтеді.