Бұрынғы чемпион UFC ұйымын сынға алды

Бұрынғы чемпион UFC ұйымын сынға алды


UFC-дің бұрынғы чемпионы Ронда Роузи ұйымның қазіргі жағдайына қатысты сын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы жеңіл салмақта бұрын чемпион болған америкалық спортшының айтуынша, қазіргі таңда UFC файтерлер үшін бұрынғыдай тиімді ұйым емес. Оның пікірінше, бұрын бұл промоушен спортшыларға жақсы табыс табуға және әділ гонорар алуға мүмкіндік берген.

Алайда қазір жағдай өзгергенін айтады. Роузидің сөзінше, осы себепті көптеген танымал файтерлер басқа лигаларға ауысып жатыр, өйткені ол жақта келісімшарттар мен қаржылық ұсыныстар әлдеқайда тиімді.

«Бұрын UFC жекпе-жек спортында ақша табуға және әділ гонорар алуға болатын ең жақсы орын еді. Қазір олай емес. Қазір бұл баруға болатын ең нашар ұйымдардың біріне айналды», — деді Роузи.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или