Батуттағы гимнастикадан Нидерландтағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
Алкмар қаласында (Нидерланд) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.
Батутта секіру сайысында Қазақстан құрамасы сапында үш спортшы өнер көрсетеді. Құрамаға Роман Барков, Никита Тумаков және Ерлан Тасмағамбетов енді.
Әлем кубогының кезеңі 12-13 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Роман Барков сегізінші орын алған еді.
Ал синхронды секіру бағдарламасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или