Антуан Гризманн «Атлетикодан» кету жоспары жоқ екенін айтты

Антуан Гризманн «Атлетикодан» кету жоспары жоқ екенін айтты

«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Тоттенхэмге» қарсы матчтан кейін болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадрид клубы алғашқы ойында 5:2 есебімен жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін француз футболшысы қазір MLS лигасына ауысу туралы ойламайтынын айтты. Оның сөзінше, ол «Атлетикода» өзін бақытты сезінеді және командамен бірге үлкен жетістікке жетуді мақсат етеді.

«Мен мұнда өте бақыттымын және футболдан ләззат алып жүрмін. Мақсатым — «Атлетикомен» Чемпиондар лигасының финалына шығып, Испания кубогын жеңу. Бұл менің арманым», — деді Гризманн.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында француз шабуылшысы «Орландо Сити» клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда кейінірек ойыншы бұл трансферді кем дегенде маусым аяқталғанға дейін кейінге қалдыруды жөн көргені белгілі болды.

Мұндай шешім қабылдауға «Атлетиконың» Испания кубогының финалына шығуы да әсер еткен. Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы Гризманнның маусым соңына дейін командада қалып, трофейлер үшін күреске көмектескенін қалайды.

«Тоттенхэм» мен «Атлетико» арасындағы жауапты кездесу 19 наурыз күні Лондонда өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Барселона» мен «Ньюкасл» арасындағы қарсыластың жеңімпазымен кездеседі.

ЧЛ: «Ливерпуль» қонақта сәтсіз матч өткізді

«Реал Мадрид» бас бапкер тізгінін «Барселонаның» экс-футболшысына беруі мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или