Ямаль Чемпиондар лигасында «Барселонаның» жаңа клубтық рекордын жасады
«Барселона» вингері Ламин Ямаль клуб тарихында ерекше рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ньюкаслға» қарсы алғашқы матчта тіркелді. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. 18 жастағы испаниялық футболшы Дани Ольмоға қарсы жасалған ережебұзушылықтан кейін белгіленген пенальтиді дәл орындады.
Opta статистикалық порталының мәліметінше, Ямаль соққан гол 95 минут 50 секундта тіркелген. Бұл — Чемпиондар лигасында «Барселона» тарихындағы пенальтиден соғылған ең кеш гол.
Осы гол каталондық клубты жеңілістен құтқарды. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 18 наурыз күні Барселонадағы «Спотифай Камп Ноу» стадионында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или