Бублик ATP Masters 1000 турниріне қатысушылар тізіміне енді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монакода өтетін ATP Masters 1000 турниріне қатысушылар қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 4-12 сәуір аралығында Монте-Карлода өтеді. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысатын теннисшілердің алдын ала тізімін жариялады. Сол тізімде әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик те бар.
Бұл турнирде әлемдік рейтингтің көшбасшысы Карлос Алькарас, италиялық Янник Синнер, сербиялық Новак Джокович, германиялық Александр Зверев, сондай-ақ ресейлік теннисшілер Карен Хачанов пен Даниил Медведев те өнер көрсетеді.
Монте-Карлодағы турнирдің қазіргі чемпионы — Карлос Алькарас. Өткен жылғы финалда ол италиялық Лоренцо Музеттиді 3:6, 6:1, 6:0 есебімен жеңген.
Бұл жарыс ATP Masters 1000 санатына жатады. Турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 1 миллион еуроны құрайды.
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде жеңіліп қалды