«Бейбарыс» құрамында кадрлық өзгеріс болды

«Бейбарыс» құрамында кадрлық өзгеріс болды

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің бірінші айналымынан кейін атыраулық «Бейбарыс» құрамында өзгерістер болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб бірнеше хоккейшінің командадан кеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Алексей Клочков, Тимур Шингареев, Егор Дорофеев, Виктор Васин және Павел Колотыгин енді «Бейбарыс» сапында ойнамайды. Клуб олардың әрқайсына алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

Маусым барысында Павел Колотыгин 55 матч өткізіп, 27 ұпай жинады (6 гол, 21 пас). Виктор Васин 35 ойында 22 ұпайға (6+16) қол жеткізді. Алексей Клочков 42 кездесуде 36 ұпай (18+18) еншіледі. Тимур Шингареев 22 матчта 15 ұпай (9+6) жинаса, Егор Дорофеев 21 ойында 18 ұпай (3+15) жазды.

Еске салсақ, Pro Hokei Ligasy плей-оффының бірінші кезеңінде «Бейбарыс» өскемендік «Торпедоға» есе жіберді. Серия 0:4 есебімен аяқталды (2:4, 2:3, 2:4, 1:2).

«Барыс» ірі есеппен жеңіске жеткен матчқа бейнешолу

«Барыс» сырт алаңда жеңіске жетті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или