Қазақстандық боксшы «Жемчужина Адриатики» турнирінде финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы «Жемчужина Адриатики» турнирінде финалға жолдама алды

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан «Жемчужина Адриатики» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол алаң иесі Вук Дабовичті төрешілердің екіге жарылған шешімімен жеңді. Жекпе-жек өте тартысты өтті, ал кездесудің тағдырын бірінші раунд айқындап берді. Сол кезеңде бойы биік, қолы ұзын қазақстандық боксшы қашықтықты дұрыс ұстап, раундты 5:0 есебімен ұтты.

Кейінгі раундтарда черногориялық боксшы белсендірек әрекет етті. Екінші және үшінші раундтарда ол жақын қашықтықта көбірек дәл соққы жасап, қарсыласымен тең дәрежеде айқасты. Жергілікті жанкүйерлер оның финалға шығуға лайық болғанын айтты.

Алайда әуесқой бокста әр төреші жекпе-жекті жеке бағалайды. Үш төреші жалпы есепті 29:28 деп Ақжүрек Қалабайдың пайдасына жазғандықтан, қазақстандық боксшы финалға жолдама алды.

Бұл шешім Черногорияда түрлі пікір тудырды. Ел құрамасының бапкері Никола Ружич те жекпе-жекке баға берді. Оның айтуынша, Дабович бірінші раундта ұтылғанымен, кейін бастаманы өз қолына алып, соңғы екі раундта жақсы өнер көрсеткен. Бірақ төрешілер басқа шешім қабылдаған.

Дмитрий Биволдың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын иеленді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или