Ел біріншілігі: «Қайрат» сырт алаңда ірі есеппен жеңіске жетті
Алматының «Қайраты» Қазақстан футзал чемпионатының 29-шы турында сырт алаңда Оралдың «Бәйтерегін» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч қонақтардың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Атирсон екі доп соқты. Кайо Руис, Жомарт Тоқаев пен Занотто да мергендік танытты.
Бұл жеңіспен «Қайрат» 68 ұпай жинап, Қазақстан футзал чемпионатының турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. 26 ұпаймен «Бәйтерек» тоғызыншы орында және плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или