Михаил Шайдоров беделді ISU сыйлығына үміткер атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының ISU Figure Skating Awards беделді сыйлығына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы «Ең үздік костюм» аталымында ұсынылған. Бұл номинация сахналық бейнесі ерекше, креативтілігі, стилі мен көркемдік шешімдері үйлескен спортшыларды атап өтеді.
Михаил Шайдоров еркін бағдарламаға арналған костюмі үшін үміткерлер тізіміне енді. Жалпы номинанттар қатарында 16 мәнерлеп сырғанаушы (оның ішінде спорттық және би жұптары) бар, олардың арасында америкалық Илья Малинин, эстониялық Александр Селевко, жапониялық Каори Сакамото, Адам Сяо Хим Фа, Мэдисон Чок/Эван Бейтс (АҚШ), Ли Хэ Ин (Оңтүстік Корея), Анастасия Губанова (Грузия) және басқалары бар.
Сондай-ақ маусым қорытындысы бойынша «Ең үздік бапкер», «Ең үздік хореограф» және «Ең әсерлі бағдарлама» номинацияларының жеңімпаздары анықталады.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға өтті