Ақмарал Ерекешева Alem Cup халықаралық турнирінде топ жарды

Ақмарал Ерекешева Alem Cup халықаралық турнирінде топ жарды

Көркем гимнастикадан Астанада өтіп жатқан Alem Cup турнирінде ересектер арасындағы көпсайыстың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы халықаралық додаға алғаш рет қатысып жатыр.

Жүлдегерлер 8-9 наурыз күндері шығыршық, доп, ұршық және лента сайыстарының жалпы ұпай қорытындысы арқылы анықталды.

  • 1-орын. Ақмарал Ерекешева - 112.350 ұпай
  • 2-орын. Айым Мейіржанова - 110.300
  • 3-орын. Виола Селла (Италия) - 106.650


Ертең спортшылар жеке сайыстар бойынша сынға түседі.

Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы турнирде дебют жасады

Астанада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

Биатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысатын әйелдер құрамасы белгілі болды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или