Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп өтіп, қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қытайлық Цзысюй Лю жарыс жеңімпазы атанды - 2:28.9. Ал бразилиялық Кристиан Вестемайер 2:29.6 уақыт нәтижесімен екінші орын алды.
Аталған дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен өте алмады.
Ертең ұлттық құраманың спортшылары осы спорт түрінен 10 км интервалды жарыс бойынша бақ сынайды.
Қысқы Паралимпиада — 2026: Ербол Хамитов финалға шықты