ҚПЛ-2026: 1-тур матчтарына қанша жанкүйер жиналғаны белгілі болды
Қазақстан Премьер-лигасында қанша легионер ойнайтыны белгілі болды
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында 126 легионер тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шетелдік ойыншылар арасында Беларусь елінен келгендер саны көп. Бұл мемлекеттен 14 футболшы еліміздің жасыл алаңында доп тебеді. Одан кейінгі орындардағы Ресей -12, Сербия - 11 футболшыны қосып отыр.
Сондай-ақ алдағы уақытта жанкүйерлер Украина, Бразилия, Хорватия, Португалия, Нигерия, Грузия, Черногория, Босния және Герцеговина, Жапония, Сенегал, Гана, Финляндия, Аргентина, Испания, Албания, Болгария, Франция, Кот-д’Ивуар, Камерун, Никарагуа, Гвинея, Того, Колумбия, Марокко, Нигер, Түркия, Германия, Словакия, Румыния, Литва, Швеция, Чили, Израиль, Венесуэла, Фарер аралдары, Молдова елдерінің өкілдерінің ойынын тамашалай алады.