Астаналық жас дзюдошылар халықаралық турнирде үш медаль еншіледі
Өзбекстанның Ташкент қаласында кіші жасөспірімдер арасында дзюдодан Judo Sport Clubs Cup II халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дүбірлі додаға әлемнің 10 елінен 2500-ге жуық жас спортшы қатысып, татами төрінде өзара мықтыларын сынады.
Астаналық жас дзюдошылар да жарыс төрінен кенде қалмады. Туған апалы-сіңлілі Баймаханбет Ақмаржан (44 келі) мен Ақжібек (48 келі) турнирдің күміс жүлдегерлері атанса, ал 66 келі салмақтағы Манас Сырым үздік үштікке енді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында топ жарды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или