Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар төрт рет үздік ондықтың қатарына енді.
Жекелей сында Илья Мизерных алтыншы орынмен жарысты аяқтады.
Ал әйелдер арасындағы командалық жарыста Анастасия Горунова, Алиса Седова, Алена Свириденко және Виктория Рулева жетінші орынға ие болды.
Осы бағдарламада ерлер құрамасы сапында өнер көрсеткен Илья Мизерных, Даниил Калинкин, Артем Мешков және Давид Гааль алтыншы орынға тұрақтады.
Сонымен қатар Қазақстан аралас командалар арасындағы жарыста да үздік ондыққа енді. Бұл сайыста Илья Мизерных, Артем Мешков, Виктория Рулева және Алена Свириденко сегізінші орын алды.
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы бір жүлде алды
Астанада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр
Биатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысатын әйелдер құрамасы белгілі болды