Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылардың эстафетадағы нәтижесі
Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыстың соңғы күні әйелдер арасында 4×6 шақырымдық эстафета өтті.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сапында Дарья Климина, Милана Генева, Айша Ракишева және Лаура Киныбаева өнер көрсетті.
Отандастарымыз жарысты 19-орынмен аяқтады. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Швеция құрамасы көтерілді. Екінші орынды Франция иеленсе, Норвегия үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Әлем кубогының келесі кезеңі Эстонияның Отепя қаласында өтеді.
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы бір жүлде алды
Астанада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр
Биатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысатын әйелдер құрамасы белгілі болды