Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын иеленді
Boxrec.com сайты жеңіл салмақтағы әуесқой боксшылардың жаңа әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімнің алғашқы екі орнын Қазақстан спортшылары иеленді. Бірінші орында Махмуд Сабырхан тұр, ал екінші сатыға Сәкен Бибосынов жайғасты. Үшінші орын ресейлік боксшы Вячеслав Рогозинге бұйырған.
Үздік ондыққа сондай-ақ Лоренцо Патрисио (АҚШ), Максим Кузнецов (Ресей), Максим Зименко (Украина), Мэнни Сафари (Ұлыбритания), Самандар Олимов (Өзбекстан), Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) және Хавьер Ибаньес (Болгария) кірді.
Айта кетейік, Махмуд Сабырхан мен Сәкен Бибосынов — екі дүркін әлем чемпиондары. Ал Бибосынов бұған дейін Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или