Макс Кантер Париж—Ницца көпкүндік жарысының екінші кезеңін ұтты

Макс Кантер Париж—Ницца көпкүндік жарысының екінші кезеңін ұтты

Германиялық велошабандоз, «XDS Astana Team» командасының өкілі Макс Кантер Францияда өтіп жатқан Париж-Ницца көпкүндік жарысының екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

187 шақырымға созылған кезең Эпон - Монтаржи бағыты бойынша өтті. Макс Кантер жарысты 4 сағат 25 минут 07 секунд нәтижемен бірінші болып аяқтады. Екінші орын «Red Bull-BORA-hansgrohe» командасының өкілі, жаңа зеландиялық Лоренс Питиға бұйырды. Үшінші болып мәреге бельгиялық Яспер Стюйвен («Soudal Quick-Step») жетті.

Осы кезеңде «XDS Astana Team» құрамындағы нидерландиялық Майк Тёниссен 17-орын алды. Колумбиялық Харольд Техада 32-болса, қазақстандық Евгений Федоров 33-нәтиже көрсетті. Қазақстандық тағы бір шабандоз Николя Винокуров 37-орынға жайғасты. Сондай-ақ италиялық Никола Кончи 58-орында финишке келсе, нидерландиялық Даррен ван Беккум 94-орынды иеленді.

Екі кезеңнің қорытындысынан кейін «XDS Astana Team» спортшыларының жалпы есептегі орындары да белгілі болды. Команда ішінде ең үздік нәтиже Майк Тёниссенге тиесілі — ол көшбасшыдан 12 секунд қалып, жалпы есепте оныншы орында тұр.

Николя Винокуров 21-орында, Харольд Техада 28-орында келеді, екеуі де көшбасшыдан 12 секундқа қалып отыр. Даррен ван Беккум жалпы есепте 82-орында болса, Евгений Федоров 3 минут 25 секунд артта қалып, 112-орынға жайғасқан. Кезең жеңімпазы Макс Кантер 4 минут 48 секунд айырмамен 122-орында тұр. Ал Никола Кончи көшбасшыдан 6 минут 30 секунд қалып, 137-орынды иеленіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или