BoxRec рейтингі: Назым Қызайбай үздік ондыққа кірді

BoxRec рейтингі: Назым Қызайбай үздік ондыққа кірді

Boxrec.com сайты әйелдер арасындағы салмақ дәрежесіне қарамай жасалған (pound-for-pound) әуесқой боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімдегі алғашқы ондыққа Қазақстаннан бір ғана спортшы — Назым Қызайбай кірді. Ол BoxRec рейтингінде жетінші орынға жайғасты.

Әйелдер рейтингінің көшін қытайлық У Ю бастап тұр. Екінші орында ирландиялық боксшы Келли Харрингтон, ал үшінші сатыда Солтүстік Корея өкілі Пан Чхоль Ми орналасқан. Сондай-ақ үздік ондыққа Таммара Тибо (Канада), Бусе Чакыроглу (Түркия), Нуне Асатрян (Ресей), Ифе Мари О’Рурк (Ирландия), Анастасия Шамонова (Ресей) және Ниту (Үндістан) енген.

Ал алғашқы елу спортшының қатарына Қазақстаннан тағы бірнеше боксшы кірді. Алуа Балкибекова 11-орында, Аида Әбікейева 20-орында, Виктория Графеева 22-орында, ал Наталья Богданова 35-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или