«Барыс» шабуылшысы Майкл Веккьоне КХЛ-дің бірнеше клубының назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы журналист Артур Хайруллин өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді. Оның айтуынша, канадалық хоккейшіні жазда кемінде екі клуб өз құрамына қосуды жоспарлап отыр.
Биылғы маусымда 33 жастағы ойыншы ҚХЛ тұрақты чемпионатында 60 матч өткізіп, 42 ұпай жинады. Оның ішінде 17 шайба соғып, 25 нәтижелі пас берген.