Роналдудың «Челсиге» ауысуы туралы ақпаратқа нүкте қойылды

Роналдудың «Челсиге» ауысуы туралы ақпаратқа нүкте қойылды

Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясынан Испанияға жарақатын емдеуге кеткені туралы жаңалықтан кейін португалиялық футболшының болашағына қатысты түрлі болжамдар айтыла бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сол болжамдардың бірі Роналдудың лондондық «Челси» клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат болды. Алайда танымал инсайдер Фабрицио Романо бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Соңғы күндері көптеген адамдар осы тақырып туралы сұрап жатыр. Мүмкін Англияда бұл туралы ақпарат тараған шығар, бірақ бұл – толықтай жалған жаңалық. Роналду мен «Челси» арасында ешқандай байланыс жоқ. Бұл жерде қосымша түсіндірудің де қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді Романо өзінің YouTube арнасында.

Бұған дейін Роналдудың жарақаты күтілгеннен де ауыр болуы мүмкін екені айтылған. Осыған байланысты оның наурыз айында өтетін Португалия құрамасының матчтарына қатысуы да күмән тудырып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или